2 күн бұрын
Азиада-2026: Қазақстанның төрт боксшысы финал жолдамасы үшін жұдырықтасады
30 қыркүйекте Қазақстанның төрт боксшысы Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында финал жолдамасы үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы сапынан Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) және Наталья Богданова (75 келі) жартылай финалда өнер көрсетеді.
Жекпе-жектердің кестесі:
- 09:15 — Алуа Балқыбекова — Нгуен Тхи Там (Вьетнам);
- 10:15 — Наталья Богданова — Ловлина Боргохаин (Үндістан);
- 10:30 — Махмұд Сабырхан — Карло Паалам (Филиппин);
- 11:00 — Төрехан Сабырхан — Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан Азиада-2026 ойындарының финалына алғаш болып Айбек Оралбай шықты. Ол 29 қыркүйекте 90 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалда Үндістан өкілі Нарендерді 5:0 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz