2 күн бұрын
Алуа Балқыбекова Азиада-2026 ойындарында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Балқыбекова жартылай финалда Вьетнам өкілі Нгуен Тхи Таммен кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Нгуен Тхи Тамның жеңісін тіркеді — 5:0.
Осылайша, Нгуен Тхи Там финалға жолдама алды, ал Алуа Балқыбекова Азиада-2026 ойындарын қола медальмен аяқтады. Бұл Қазақстан құрамасының бокстан Азиададағы алғашқы медалі болды.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова — World Boxing және IBA нұсқалары бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы әрі Азияның екі дүркін чемпионы. Ал Нгуен Тхи Там Азия чемпионатында екі рет алтын медаль жеңіп алған және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Біздің серіктес: Sport12kz