1 күн бұрын
Азиада-2026: Оралбай мен Сабырханның финалдағы қарсыластары кім?
Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында бокс бойынша финалға шыққан қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан Иордания өкілі Зейяд Ишаишпен кездеседі. Төрехан Сабырхан жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Шавкатжон Болтаевты жеңсе, Ишаиш жарыс қожайыны Жапония өкілі Сэвоно Окадзаваны жеңіп, финалға жолдама алды.
Ал 90 келіден жоғары салмақта Қазақстан — Өзбекстан арасындағы жекпе-жек өтеді. Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен «алтын» медаль үшін жұдырықтасады.
Айбек Оралбай жартылай финалда Үндістан өкілі Нарендерді жеңді. Ал Жахонгир Зокиров ирандық Амир Эсмаилиді мерзімінен бұрын тоқтатты.
Бокстан Азиада-2026 ойындарының финалдық жекпе-жектері 2 қазанда өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz