3 күн бұрын
Қазақстандық екі боксшы Азиадада «алтын» үшін жұдырықтасады
2 қазан, жұма күні Қазақстанның екі боксшысы Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының финалында өнер көрсетеді.
70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан «алтын» медаль үшін Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездеседі. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Ал 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы боксшысы Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек сағат 14:30-да басталады.
Зеяд Ишаиш — World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2026 жылғы Азия чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Биылғы құрлықтық біріншіліктің финалында Ишаиш Төрехан Сабырханды жеңген.
Ал Жахонгир Зокиров 2025 жылы World Boxing әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. Финалда ол Айбек Оралбайдан жеңілген. Сонымен қатар Зокиров 2024 жылғы Азия чемпионы және 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz