5 сағат бұрын
Абылайхан Жүсіпов Төрехан Сабырханға қатысты ойын білдірді
Фото: Аслан Қаженов
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы Төрехан Сабырханға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Төрехан Сабырхан. Құттықтаймын, бауырым! Қазақ халқының көптен күткен қуанышы, - деп жазды ол.
Азия ойындары алдында ел құрамасында 70 келі салмақта дүбірлі додада кім барады деген асуал болды. Бапкерлер шешімімен жарысқа Төрехан Сабырхан аттанды.
Төрехан Сабырхан 2006 жылы 13 ақпанда дүниеге келген. Қазірге дейін ересектер арасында 2025 жылы әлем чемпиогны атағын жеңіп алған еді.
Ал Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2017, 2019, 2021 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер болса, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс алды.
Біздің серіктес: Sport12kz