1 күн бұрын
Қазақстан боксшыларының Азиададағы жүлдесі қанша тұрады?
Қазақстан құрамасының боксшылары Аичи және Нагояда (Жапония) өткен Азиада-2026 ойындарында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық боксшылардың қоржынында екі алтын және үш қола медаль бар. Азиада чемпионы атанғандар — Төрехан Сабырхан (70 келі) мен Айбек Оралбай (+90 келі).
Ал Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) және Наталья Богданова (75 келі) жарысты қола медальмен аяқтады.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, Азиада ойындарында жүлде алған спортшыларға мынадай сыйақы қарастырылған: алтын медаль үшін — 10 мың доллар, күміс медаль үшін — 5 мың доллар, қола медаль үшін — 3 мың доллар.
Осылайша, қазақстандық боксшылардың бес медалі үшін жалпы 29 мың доллар, яғни шамамен 13 миллион теңге көлемінде сыйақы қарастырылған.
Біздің серіктес: Sport12kz