3 күн бұрын

Виктор Темиров Германияда нокаутпен жеңіске жетті

Виктор Темиров Германияда нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Виктор Темиров (12-0, 9 КО) кәсіпқой мансабындағы кезекті мерзімінен бұрын жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Темиров Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде 39 жастағы венесуэлалық тәжірибелі боксшы Джонни Санческе (20-15, 13 КО) қарсы жұдырықтасты.

Бірінші раундтың соңына қарай Темиров қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Санчес жекпе-жекті жалғастыра алды. Екінші раундта венесуэлалық боксшы тағы екі рет нокдаунға түсті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Виктор Темиров техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл Темировтың 2026 жылғы үшінші жекпе-жегі болды. Қазақстандық боксшы биылғы үш кездесуінің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ал Джонни Санчес қатарынан 12-ші жеңілісіне ұшырады.



Біздің серіктес: Sport12kz