2 күн бұрын
Джермалл Чарло Хайме Мунгияны жекпе-жекке шақырды
Бокстан екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Джермалл Чарло мексикалық Хайме Мунгиямен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Америкалық боксшы Мунгиямен өзінің туған қаласы Хьюстонда жұдырықтасуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
«Мунгиямен жекпе-жек өткізу — ең тиімді нұсқа. Онымен осында, Хьюстонда қуана жұдырықтасар едім. Мексикалық жанкүйерлер, толық аншлаг», — деді Чарло берген сұхбатында.
Сонымен қатар америкалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің Мексикадағы бокс кешінде өнер көрсету мүмкіндігін де жоққа шығармады. Алайда ол Мунгияның командасымен келіссөздер басталғанын айтқан жоқ.
Чарло үшінші салмақ дәрежесінде — екінші орта салмақта әлем чемпионы атануды көздеп отыр. Боксшы өзінің «соңғы серпіліс» жасау туралы сөздері мансабын аяқтауды емес, қайтадан әлем чемпионы болуға ұмтылысты білдіретінін түсіндірді.
Америкалық боксшы жартылай ауыр салмаққа көтерілуді жоспарлап отырған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz