2 күн бұрын

Бен Уиттакер Биволдың IBF бойынша міндетті қарсыласы атанды

Бен Уиттакер Биволдың IBF бойынша міндетті қарсыласы атанды

Британдық боксшы Бен Уиттакер IBF нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың міндетті қарсыласы атанды.

3 қазанда Бирмингемде Уиттакер австралиялық Конор Уоллеспен жұдырықтасты. 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер бірауыздан британдық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Төрешілер Уиттакердің пайдасына 117:111, 116:112 және 115:113 есебін тіркеді.

Осы жеңістен кейін Уиттакер IBF рейтингінде Биволға міндетті қарсылас атанды.

Дегенмен оның промоутері Эдди Хирн боксшыға әлем чемпиондығы үшін таласуға әлі ерте екенін айтып, титулдық жекпе-жекке дейін тағы бір кездесу өткізуі керек екенін мәлімдеді.



Біздің серіктес: Sport12kz