4 сағат бұрын
Азиада-2026: Қазақстан бокс құрамасынан ең көп жекпе-жекті кім өткізді?
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан ең көп жекпе-жек өткізген боксшы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан боксшылары 22 жекпе-жек (13 жеңіс, 9 жеңіліс) өткізді. Ең көп 4 айқас Төрехан Сабырханға (70 келі) тиесілі.
Ал Наталья Богданова екінші мәрте қатарынан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болса, Төрехан Сабырхан ел тарихындағы ең жас Азиада чемпионы атанған үздік үш боксшының қатарына енді.
Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай 3 жыл ішінде Азия чемпионаты, Әлем чемпионаты мен жазғы Азия ойындарында топ жарды. Ол 21 жекпе-жек бойы жеңіліссіз келе жатыр.
Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай, Алуа Балқыбекова алғашқы Азиадасында жүлдеге ілікті.
Біздің серіктес: Sport12kz