1 күн бұрын
Үш қазақстандық боксшы бір кеште рингке шығады
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Армат Арманұлы, Санатәлі Төлтаев және Саматәлі Төлтаев 31 қазанда Ақтөбеде өтетін бокс кешінде рингке шығады.
Әзірге үш боксшының да қарсыластары белгілі болған жоқ.
Армат Арманұлы кәсіпқой бокста 7 жеңіс (5 нокаут) және 1 жеңіліс тіркеген. Ол соңғы жекпе-жегін 25 шілдеде Алматыда өткізіп, ресейлік Харон Запольскийді техникалық нокаутпен жеңді.
Саматәлі Төлтаевтың қоржынында 8 жеңіс (4 нокаут) бар. Ол соңғы кездесуінде филиппиндік Гэри Тамайоны төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты.
Ал Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокста 4 жеңіс пен 1 жеңіліс тіркеген. Оның екі жекпе-жегі нокаутпен аяқталды. Боксшы соңғы рет 2025 жылғы тамызда Эр-Риядта украиналық Данило Лозанодан жеңілген.
Біздің серіктес: Sport12kz