14 сағат бұрын
WBC қазақстандық боксшылардың жаңа рейтингін жариялады
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаңартылған тізімде бірнеше қазақстандық боксшы өз позицияларын өзгертті.
Жартылай ауыр салмақта Әли Ахмедов екі саты төмендеп, 28-орыннан 30-орынға түсті. Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет те екі позицияға сырғып, 14-сатыға орналасты.
Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов рейтинг көшін сақтап қалды.
Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек екі орынға көтеріліп, 14-орынға шықты. Ал Евгений Павлов үш саты төмендеп, 29-орынға жайғасты. Бекман Сойлыбаев 38-орыннан 39-сатыға түсті.
Бірінші жеңіл салмақта Санжар Ташкенбай бір позицияға көтеріліп, 34-орынға орналасты.
Біздің серіктес: Sport12kz