11 сағат бұрын

Бокс әлем чемпиондарына берілетін сыйақы көлемі белгілі болды

Бокс әлем чемпиондарына берілетін сыйақы көлемі белгілі болды

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған боксшыларға қомақты сыйақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Оның айтуынша, келесі әлем чемпионатының жүлде қоры 20 миллион долларды құрайды. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орын алған боксшы 1 миллион доллар көлемінде сыйақы алады.

«Әлем чемпионаты — IBA үшін басты турнир. Естеріңізде болса, Дубайда өткен әлем чемпионатының жүлде қоры 8 миллион доллар болды. Ал келесі әлем чемпионатының жүлде қоры 20 миллион долларды құрайды. Бірінші орын алған боксшы 1 миллион доллар алады», — деді Кремлев.

Айта кетейік, ерлер арасындағы соңғы әлем чемпионаты 2025 жылы Дубайда өтті. Оған дейінгі жарыстар 2023 жылы Ташкентте, 2021 жылы Белградта және 2019 жылы Екатеринбургте ұйымдастырылған.



Біздің серіктес: Sport12kz