Матч орталығы
Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 3:1 Аяқталды Касымпаша Касымпаша Эредивизи Футбол ПСВ ПСВ 2:0 Аяқталды Херенвен Херенвен Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 3:0 Аяқталды Аль-Драих Аль-Драих Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 2:2 Аяқталды Вердер Вердер Б сериясы Футбол Авеллино Авеллино 4:1 Аяқталды Сампдория Сампдория Еуролига Баскетбол Барселона Барселона 81:88 Аяқталды Жальгирис Жальгирис Лига 1 Футбол Ланс Ланс 2:1 Аяқталды Лион Лион Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 1:1 Аяқталды КПР КПР Ла Лига Футбол Малага Малага 1:1 Аяқталды Эспаньол Эспаньол Примейра-лига Футбол Брага Брага 1:3 Аяқталды Спортинг Спортинг Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Бүгін Қызылжар Қызылжар Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 16:00 Бүгін Астана Астана Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 16:00 Бүгін Ақтөбе Ақтөбе КХЛ Хоккей Барыс Барыс 16:30 Бүгін Авангард Авангард Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 16:30 Бүгін Бирмингем Бирмингем Премьер-лига Футбол Арсенал Арсенал 16:30 Бүгін Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 16:30 Бүгін Бристоль Сити Бристоль Сити Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 Бүгін Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 17:00 Бүгін Жетісу Жетісу А сериясы Футбол Дженоа Дженоа 18:00 Бүгін Фиорентина Фиорентина

15 сағат бұрын

Қазақстан бокс федерациясында Бақыт Сәрсекбаевке қатысты дау туындады

Қазақстан бокс федерациясында Бақыт Сәрсекбаевке қатысты дау туындады

Қазақстан бокс федерациясында жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаевке қатысты жанжал өршіді. Ұйым өкілі Мырза Еркінбек маманның жұмысына сын айтып, оның командаға тигізетін пайдасынан зияны көп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дау Қазақстан боксшыларының Жапонияда өткен Азиададағы өнеріне қатысты пікірталастан кейін туындады. Мырза Еркінбек әлеуметтік желідегі жазбасында Бақыт Сәрсекбаев пен Айдар Шәрібаевты атап, сын айтушыларға қарата арандатушылық сипаттағы пікір қалдырған.

Жазбаға пікір білдірген қолданушылардың бірі федерация өкілін өзара қолдаудың жоқтығы үшін сынға алды.

«Сәрсекбаев қазір жастармен жұмыс істеп жүр, федерацияның атынан қатысып отыр. Ал өзіңіз қайдасыз? Бірлік жоқ па? Өзара құрмет пен түсіністік қайда? Ұят қой», — деп жазды ол.

Бұған жауап ретінде Мырза Еркінбек жастар құрамасының бас бапкеріне қатысты қатаң мәлімдеме жасады.

«Біз бұл адамды жастар құрамасына тағайындаған жоқпыз. Оның пайдасынан зияны көп. Сіздер онда не болып жатқанын да білмейсіздер. Мен шындықтың бәрін білемін, жақында естисіздер», — деді федерация өкілі.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев қазір Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырып жүр. Ол шәкірттерін 16 қазанда Черногорияның Будва қаласында басталатын әлем чемпионатына дайындап жатыр.



Біздің серіктес: Sport12kz