2 күн бұрын
Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде көш бастады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек екінші жеңіл салмақта Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз рейтингтің көш басына австралиялық Джексон Инглендті жеңгеннен кейін шықты. 21 жеңісінің 13-ін нокаутпен аяқтаған Заурбек қарсыласынан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен басым түсті.
Осылайша, Сұлтан Заурбек өз салмағында IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанды.
Қазіргі уақытта бұл ұйымның чемпиондық белбеуі мексикалық Эмануэль Наварретеға тиесілі. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші — 40 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең нәтиже. Наваррете сонымен қатар WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болып саналады.
Біздің серіктес: Sport12kz