1 күн бұрын
Армат Арманұлы Ақтөбеде WBA Asia белбеуі үшін жұдырықтасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлы 31 қазанда Ақтөбеде өтетін бокс кешінде WBA Asia чемпионы атағын сарапқа салады.
Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыздың қарсыласы — Уганда өкілі Шадири Муса Бвоги. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек кештің басты айқасы болмақ.
Армат Арманұлы кәсіпқой рингте жеті рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Оның бесеуінде нокаут тіркеген. Ал Бвоги 11 рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілді. Угандалық боксшы да бес қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін биыл шілдеде өткізіп, ресейлік Харон Запольскийді бесінші раундта нокаутқа түсірді. Бвоги де шілдеде рингке шығып, отандасы Фахад Ссерваддадан басым түскен.
Біздің серіктес: Sport12kz