Матч орталығы
КХЛ Хоккей Барыс Барыс 4:1 Аяқталды Автомобилист Автомобилист Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 3:6 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 3:2 Аяқталды Комо Комо Еуролига Баскетбол Эфес Эфес 93:101 Аяқталды Бавария Бавария Еуролига Баскетбол Париж Париж 94:96 Аяқталды Виртус Виртус Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 0:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол КПР КПР 4:1 Аяқталды Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 3:2 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 6:0 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 3:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 3:2 Аяқталды Порту Порту Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 3:4 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 2:4 Аяқталды ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 0:3 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 0:6 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 1:0 Аяқталды Боруссия Боруссия НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 05:30 Бүгін Даллас Даллас Челленджер Цзинань Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 09:00 Бүгін Яи Дилан Хара Френд Яи Дилан Хара Френд Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 21:45 Бүгін Аякс Аякс Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 21:45 Бүгін Мидтьюлланд Мидтьюлланд

1 күн бұрын

Бақыт Сәрсекбаев еліміздің жастар құрамасының мақсаты жөнінде айтты

Бақыт Сәрсекбаев еліміздің жастар құрамасының мақсаты жөнінде айтты

Фото: Бақыт Сәрсекбаевтың парақшасынан

Бокстан Қазақстан U19 құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев World Boxing ұйымы аясында өтетін әлем чемпионатына жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Черногорияның Будва қаласында бокстан U19 жас санатындағы әлем чемпионаты өтеді. World Boxing ұйымы ұйымдастыратын дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 20 боксшымен сынға түседі.

- Жауапкершіліктен қашып, реформа жасаудан қорқып, бұрыннан танылған, нәтижесі бар “обкатанный” балдарды алып жүре берсем маған біреу ұрса ма? Ал жаңа есімдер ұтылып жатса, бәріңіз жабылып мені талайтындарыңыз сөзсіз. Десе де мен әр жарысқа әртүрлі боксшыларды апарып, олардың мүмкіндігін сынауға, тәжірибе жинауына жағдай жасауға дайынмын. Өйткені мен жастармен жұмыс істеп жатырмын. Бұлар — біздің бүгінгі командамыз ғана емес, ертеңгі Ұлттық құраманың резерві. Менің мақсатым да, маған қойылған талап та сол - мықты резерв дайындау.

Ертең олардың ішінен кімге мүмкіндік берсек те, «Қазақстанның атынан шығуға дайын» деп сеніммен айта алатындай болуымыз керек, - деп жазды ол.

Сондай-ақ тәжірибелі маман өзінің арманы Ұлттық құрамадағы әр салмақта таңдау жасауға қиналатын деңгейге жету. екенін атап өтті.

- 1-2-5 нөмірдегі боксшы әлемдік деңгейде жұдырықтаса алатын болсын. Сонда ғана бізде нағыз бәсеке болады, боксшыларымыз босаңсымайды. Естеріңізде ме, мен Ұлттық құрама боксшысы болған кездегі құрам? Мықты бәсекелестік болды! Бір салмақта бірнеше мықтылар болдық, біріміз ерте, біріміз кеш, дегенімізге жетіп жаттық, біріміз Әлемді, екіншіміз Азияны, енді біріміз Олимпиада биігін кезек-кезек бағындырып жаттық.

Әрине, әр эксперименттің өз тәуекелі бар. Бірақ болашақты ойлаған бапкер сол тәуекелден қашпауы керек. Өйткені тек бүгінгі нәтижені ойласақ, ертеңгі чемпиондарды байқамай өткізіп алуымыз мүмкін. Менің мақсатым — бүгінгі алтынды ғана санау емес, ертең Қазақстанның намысын қорғайтын чемпиондардың тұтас плеядасын қалыптастыру.

Бізге бір салмақта бірнеше мықты керек.

Мен жастарға сенемін. Оларға мүмкіндік беремін. Ал сол мүмкіндікті пайдалану — олардың өз қолында.

Бұл жолы мен Әлем чемпионатына баратын құрамға жартысына дерлік жаңа есім қостым. Мүмкін, келесі жарысқа қалған жартысы өзгерер, уақыт көрсетеді. Құрамада жәй уақыт өткізіп ешкімді жүргізіп қоймаймыз, әркім өзінің құрамадағы орнын әрдайым қорғап отыру керек.

Ең бастысы, біз бүгін болашақ үшін жұмыс істеуіміз керек, - деді Бақыт Сәрсекбаев.



Біздің серіктес: Sport12kz