Матч орталығы
Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 95:87 Аяқталды Бавария Бавария Сегунда Футбол Леганес Леганес 0:0 Үзіліс Кордова Кордова Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 0:0 Үзіліс Кельн Кельн Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 0:0 Үзіліс Тулуза Тулуза А сериясы Футбол Фрозиноне Фрозиноне 3:2 45 Сассуоло Сассуоло Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 1:0 30 Вулверхэмптон Вулверхэмптон Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 0:0 29 Леванте Леванте Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Бүгін Қызылжар Қызылжар КХЛ Хоккей Сибирь Сибирь 15:30 Бүгін Барыс Барыс Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 16:00 Бүгін Қайсар Қайсар Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 16:30 Бүгін Челси Челси Чемпионшип Футбол Миллуолл Миллуолл 16:30 Бүгін Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 16:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 16:30 Бүгін Кардифф Кардифф Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 17:00 Бүгін Жеңіс Жеңіс Ла Лига Футбол Эспаньол Эспаньол 17:00 Бүгін Атлетико Атлетико А сериясы Футбол Венеция Венеция 18:00 Бүгін Наполи Наполи Суперлига Футбол Генчлербирлиги Генчлербирлиги 18:00 Бүгін Галатасарай Галатасарай Бундеслига Футбол Вердер Вердер 18:30 Бүгін Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 18:30 Бүгін Аугсбург Аугсбург

1 күн бұрын

«Канело» әлемнің үздік бес боксшысын атады

«Канело» әлемнің үздік бес боксшысын атады

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварес салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшылары деп санайтын бес спортшының есімін атады.

Boxing News Online басылымының мәліметінше, мексикалық боксшы бұл тізімді DAZN Boxing арнасына берген сұхбатында жариялаған. Ол өз есімін үздік бестікке қоспаған.

Альварестің таңдауы бойынша, бірінші орында украиналық Александр Усик тұр. Екінші орынға жапониялық Наоя Иноуэ жайғасқан. Үздік бестіктің қатарында ресейлік Дмитрий Бивол, америкалық Шакур Стивенсон мен Джервонта Дэвис бар.

«Канелоның» нұсқасы бойынша, үздік боксшылар тізімі мынадай:

  1. Александр Усик (Украина)
  2. Наоя Иноуэ (Жапония)
  3. Дмитрий Бивол (Ресей)
  4. Шакур Стивенсон (АҚШ)
  5. Джервонта «Танк» Дэвис (АҚШ)

Айта кетейік, Дмитрий Бивол 2022 жылы Сауль Альваресті жеңген. Қазіргі уақытта ол жартылай ауыр салмақтағы төрт негізгі чемпиондық белбеудің үшеуіне ие.

Ал «Канело» 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Кристиан Мбиллимен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте WBC нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Мексикалық боксшы соңғы рет 2025 жылғы қыркүйекте рингке шығып, америкалық Теренс Кроуфордтан төрешілер шешімімен жеңілген еді.



Біздің серіктес: Sport12kz