2 сағат бұрын
Владислав Саможонов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: instagram/boxingkazakhstan
Бокстан 19 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының алғашқы күнінде ел құрамасынан Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде түркиялық Хакан Дениз Коскунмен қолғап түйістірді.
Алғашқы минуттан басымдықты қолға алған отандасымыз раунд сайын қарқынын арттырып, жекпе-жекті өз бақылауына алды. Нәтижесінде төреші 3-раундта айқасты тоқтатып, жеңісті Владислав Саможоновқа берді. Отандасымыз осылайша техникалық нокаутқа жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz