5 сағат бұрын
Айдос Үсенов бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Айдос Үсенов бокстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы дебютін жеңіспен бастады Sport12.kz
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталды.
Ерлер арасында 55 келіде өз мүмкіндігін алған Айдос Үсенов 1/16 финалда Разван-Йонит Панейнтпен (Румыния) өзара мықтыны анықтады.
Алғашқы раундтан-ақ қос боксшы қарқындарын арттырды. Отандасымыз шеберлік және дәл соққылар жағынан дәлдік таныта біліп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді ел құрамасынан 9-жұпта 1/16 финалда Руслан Ахметов (85 келі) болгариялық Николай Ивановпен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz