9 сағат бұрын
Бек Нұрмағанбет Эр-Риядта мексикалық боксшымен жұдырықтасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет 31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізеді.
Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Маркос Васкес Родригес. Нұрмағанбеттің кәсіпқой рингтегі рекорды 16 жеңіс, оның 14-і нокаутпен аяқталған. Ал мексикалық боксшы 21 рет жеңіске жетіп, үш жекпе-жекте жеңілген, бір рет нәтиже тіркелген.
Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен француз Кристиан Мбилли арасында өтеді. Олар WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Біздің серіктес: Sport12kz