4 сағат бұрын
Тимур Тайбеков әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында кезекті отандасымыз шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
80 келідегі Тимур Тайбеков 1/16 финалда Гонсало Родригеспен (Португалия) шеберлік байқасты.
Отандасымыз әр раунд сайын қарқынын арттырып, толықтай жекпе-жекті бақылауға алды. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті жерлесімізге берді.
Біздің серіктес: Sport12kz