Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Канада Канада 1:0 Аяқталды Чили Чили Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Мексика Мексика 1:1 Аяқталды Колумбия Колумбия Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол ЦСКА ЦСКА 17:00 Бүгін Пари НН Пари НН Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Шанхай Шэньхуа Шанхай Шэньхуа 17:00 Бүгін Зенит Зенит Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Партизан Партизан 18:00 Бүгін Родина Родина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Литва Литва 18:00 Бүгін Әзербайжан Әзербайжан Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Краснодар Краснодар 19:00 Бүгін FC 10 FC 10 Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Йемен Йемен 20:55 Бүгін Катар Катар УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Дания Дания 21:00 Бүгін Уэльс Уэльс УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Аустрия Аустрия 21:00 Бүгін Косово Косово УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Гибралтар Гибралтар 21:00 Бүгін Андорра Андорра УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сербия Сербия 21:00 Бүгін Нидерланд Нидерланд Сегунда Футбол Эйбар Эйбар 21:30 Бүгін Лас Пальмас Лас Пальмас Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Бахрейн Бахрейн 23:00 Бүгін БАӘ БАӘ УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Норвегия Норвегия 23:45 Бүгін Португалия Португалия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Германия Германия 23:45 Бүгін Грекия Грекия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Израиль Израиль 23:45 Бүгін Ирландия Ирландия Сегунда Футбол Реал Овьедо Реал Овьедо 00:00 Ертең Спортинг Хихон Спортинг Хихон Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Боливия Боливия 01:30 Ертең Парагвай Парагвай УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 21:00 Ертең Черногория Черногория

09.07.2024

Головкиннің «Қазақстан боксы IBA-дан кетуі керек» деген пікірі кімдерге ұнамай қалды

Головкиннің «Қазақстан боксы IBA-дан кетуі керек» деген пікірі кімдерге  ұнамай қалды

IBA ұйымдастырған жарыстарға қатысқан боксшыларды ХОК 2028 жылдан бастап Олимпиадаға жібермейтінін мәлімдеген

Ресей бокс федерациясы бапкерлер кеңесінің төрағасы Эдуард Кравцов қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкинді қатаң сынады. Оған отандасымыздың IBA туралы айтқан пікірі ұнамай қалған көрінеді. 

«Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Кравцов Головкинді әбден тойынған деп айыптаған.

Есте болса, күні кеше Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, кәсіпқой бокстан бірнеше тұжырымда әлем чемпионы Геннадий Головкин «Қазақстан бокс федерациясы IBA ұйымынан шығуы керек» деген пікір айтқан болатын. Өйткені, ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті – авт.) IBA-ны жемқорлыққа белшеден батқан ұйым деп танып, Олимпиада ойындарынан аластатқан болатын. Сонымен қатар, IBA ұйымдастырған жарыстарға қатысқан боксшыларды 2028 жылдан бастап Олимпиадаға қатыстырмайтынын кесіп айтты.

Ал, Эдуард Кравцов болса Қазақстан боксы IBA-дан кетсе, қазақ боксшылары қолайсыздықтарға душар болатынын айтып отыр. 

«Менің ойымша, қазір Геннадийде бір мәселе бар. Мұндай жайтты көптеген ұлы боксшылар мансабын аяқтаған кезде бастан кешіреді. Ол үлкен қызмет алып, қазақстандықтардың сеніміне ие болды. Алайда, Головкин қазіргі шындықты және әуесқой бокста болып жатқан оқиғаларды мүлдем қабылдамайды, оған бейімделмеген. 
Геннадий – ұлы және әйгілі боксшы, сонымен қатар, қалталы боксшы екенін де түсінуіміз керек. Бұл жерде оның бай екеніне ерекше назар аударғанымыз жөн. Тоқ бала аш баламен ойнамайды дегенді естен шығармау керек. 
Қазақстандық боксшыларды World Boxing-ке тартудың болашағы бұлыңғыр, боксшылар ол жақта аш қалады. Бұл жердегі негізгі мәселе – Геннадий қазіргі жағдайға бейімделмеген және шындықты түсінбейді. Барлық боксшы Головкин сияқты — ұлы да, бай да болғысы келетінін түсіну керекпіз. Бірақ World Boxing оның біреуін де бермейді. Жарыс күнтізбесі де, тұрақты қаржыландыруы да жоқ. Бірақ саяси амбициясы бар. Дәлірек айтсақ, осы ұйымның еш тарихы, болашаққа апаратын жолы жоқ», - деді Кравцов.

Ресейлік бапкер Головкинді сынағанымен IBA-ға тағылған айыптарға жауап беруге құлық танытпаған. 

Айта кетейік, Эдуард Кравцов 2016 жылы Қазақстан боксшысы Василий Левитке қолдау білдіріп, ерекше ілтипат танытқан болатын. Ол Рио Олимпиадасында 91 келіде Қазақстан мен Ресей боксшылары арасындағы жекпе-жекте Левиттің жеңгенін мойындады. Алайда, төрешілер жеңісті Ресей боксшысына берген еді.


Біздің серіктес: Sport12kz