Матч орталығы
Қазақстан чемпионаты Хоккей Сарыарка Сарыарка 2:0 Аяқталды Торпедо Торпедо КХЛ Хоккей Спартак Спартак 3:1 Аяқталды СКА СКА Чемпиондар лигасы Футбол ПСВ ПСВ 1:1 Аяқталды Шахтер Шахтер Чемпиондар лигасы Футбол Фенербахче Фенербахче 1:1 Аяқталды Рома Рома Чемпиондар лигасы Хоккей Шеллефтео Шеллефтео 3:2 Аяқталды Серветт Серветт Чемпиондар лигасы Хоккей Кельнер Хайе Кельнер Хайе 5:2 Аяқталды Фрелунда Фрелунда Кубок Бразилии для игроков до 20 лет Футбол Сантос U20 Сантос U20 1:1 Пенальтиден соң Куяба U20 Куяба U20 Суперлига Футбол Панатинаикос Панатинаикос 3:1 Аяқталды Кифисия Кифисия ФИБА Кубок мира Женщины Баскетбол Австралия (Ж) Австралия (Ж) 66:89 Аяқталды Испания (Ж) Испания (Ж) Монтре женщины Теннис Симона Вальтерт Симона Вальтерт 1:1 3-сет Деспина Папамихаил Деспина Папамихаил Чемпиондар лигасы Футбол Славия Славия 1:0 72 Ланс Ланс Чемпиондар лигасы Футбол Комо Комо 3:1 71 Лейпциг Лейпциг Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 4:0 73 Сабах Сабах Чемпиондар лигасы Футбол Бавария Бавария 2:0 70 Буде Глимт Буде Глимт Примейра-лига Футбол Эштрела Эштрела 2:1 57 Брага Брага ЮС Опен, женщины Теннис Кори Гауфф Кори Гауфф 05:10 Бүгін Елена Рыбакина Елена Рыбакина Суперлига Футбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Эрзурумспор Эрзурумспор Бундеслига Футбол Унион Унион 23:30 Бүгін Шальке Шальке Серия А Футбол Венеция Венеция 23:45 Бүгін Фиорентина Фиорентина Лига 1 Футбол Ренн Ренн 23:45 Бүгін Марсель Марсель

17.08.2024

Қайрат Сәтжанов: Алға қойған жоспарымыз өте үлкен

Қайрат Сәтжанов: Алға қойған жоспарымыз өте үлкен

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Қайрат Сәтжанов өзінің қызметі жайында және алдағы жоспары жөнінде ой бөлісті, деп хабарлайды Sport12.

Бүгін еліміздің бокс федерациясы ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындалғаны жөнінде мәлім етті. Бұл қызметке қазақстандық маман Қайрат Сәтжанов келді.

Қайрат Сәтжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі. Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.

«Маған сенім білдіріп отырғандарыңызға үлкен рақмет айтамын.Қазақстан боксында бірқатар проблемалар бар. Оны Париж Олимпиадасында байқадық. Біріншіден, жаттығы жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған. Сондайақ өзге қарсыластарымен біріккен оқу-жаттығу жиыны өтпеген. Алға қойған жоспарымыз өте үлкен. Бұл орайда жасөпірімдер құрамасынан бастап жастар, ұлттық құрамаға бірдей деңгейде көңіл бөлуіміз тиіс. Елімізде өтетін жарыстардың таза және әділ өтуін қадағалау қажет. Оқу-жаттығу жиындарының барлығын бір жүйеге келтіргеніміз жөн. Құрама жұмысын жақсарту ретінде шетелден мамандар шақырту жөнінде ойымыз бар. Атап айтқанда, дене дайындығы маманы, ғылыми топ жұмысы және бапкердің кеңесшісі деген мамандар қызмет атқарады.  
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болу, ел сенімін ақтауға барымды саламын», - деді Қайрат Сәтжанов.


Біздің серіктес: Sport12kz