25.09.2024

“Украинамен бірлескен жиын өтеді”: Бокс федерациясы Ұлттық құрамының жоспарымен бөлісті

“Украинамен бірлескен жиын өтеді”: Бокс федерациясы Ұлттық құрамының жоспарымен бөлісті

Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Рауан Игенев команданың алдағы жоспарларын айтты. Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық құрама боксшылары алдымен Шымкенттегі халықаралық турнирде, содан соң Азия біріншілігінде бақ сынайды. 
«Шымкенттегі турнирде Амманда (Иордания) өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды іріктейміз. Сондай-ақ, бұл бәсекеге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар келеді.

 Түркия және Египет құрамаларымен де келіссіөздер жүріп жатыр. Украина сапынан Александр Хижняк қана келе алмайды. Қалған бірінші нөмірлі боксшылары тегіс қатысады. Турнирге шетелден төрешілер шақырып жатырмыз. Бұл жарыс деңгейінің биіктеп, турнирдің ашық өтуіне жасалған қадам. Төрелік әділ болған жерде, бәсекелестік те биіктейді. 

Тағы айта кететін бір жайт бар. Азия біріншілігіне дейін халықаралық жарыстар күнтізбесінде қандай да бір ірі дода жоқ. Олимпиададан кейін барлығы демалыс алған. Боксшыларымызды бабында ұстап, олардың әлеуетін тағы бір сынап көру үшін еліміздегі турнир статусын көтеріп жатқан жайымыз бар», — деді Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Рауан Игенев. 

Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Бокс 7 сағат бұрын

Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты

Бокс 8 сағат бұрын

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты

Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Бокс 9 сағат бұрын

Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Әлем кубогы:  Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Бокс 9 сағат бұрын

Әлем кубогы: Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жеңді

Надежда Рябец жартылай финалға шықты

Бокс 9 сағат бұрын

Надежда Рябец жартылай финалға шықты

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар өтті

Дзюдо 10 сағат бұрын

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар өтті