24.01.2025

Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Фото: boxing_kazakhstan

Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокстағы тұсаукесер жекпе-жегін өткізеді.

Бұл туралы бокс менеджері Жанпейіс Назарғали хабарлады.

– 23 ақпан, Ақтау қаласында Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокста дебют жасайды. Бұл жекпе-жек 6 раундқа жоспарланып отыр. Қарсыласын ресми түрде кейінірек хабарлаймыз. Нұрқанат толығымен кәсіпқой боксқа ауысады деп айту әлі ерте. Ол әуесқойлар арасында да қолғап түйістіруді жалғастыруы мүмкін,– деді Жанпейіс Назарғали.

Нұрқанат Райыс — 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының финалисі. Сонымен қатар «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жеңімпазы.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас