09.02.2025
Boxam Elite: Финалдық жекпе-жектер қалай өтті?

Кеше Испания төрінде бокстан 2025 жылғы алғашқы халықаралық турнир мәресіне жетті. 8 жерлесіміз финалға шығып, екі жұпта спортшыларымыз өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.
48 келі
Нұрзат Оңғаров (Қазақстан) - Ернар Қарап (Қазақстан) 4:1
Қос боксшы желтоқсан айында Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жолдары түйісіп, Нұрзат басым түскен еді. Осы жолы қос боксшымыз финалда жұдырықтасып, тағы да Нұрзат мықтылығын дәлелдеді.
54 келі
Бағлан Кенжебек (Қазақстан) - Ақтілек Орынбасар (Қазақстан) 5:0
2024 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Бағлан Кенжебек пен қола жүлдегер Ақтілек Орынбасар Испанияда финалда жолықты. Нәтижесінде Бағлан сенімді түрде жеңіске жетті.
57 келі
Ерхан Тұрдан (Қазақстан) - Ислам Торобаев (Қырғызстан) 5:0
60 келі
Айдер Абдураимов (Украина) - Жексен Бейбарыс (Қазақстан) 0:5
63,5 келі
Жандос Қыдырәлиев (Қазақстан) - Алмат Әбдуали (Қазақстан) 2:3
Жандос пен Алмат бір ай бұрын Қазақстан чемпионатының жартылай финалында да кескілескен айқас жүргізіп еді. Сол сәтте bout review нәтижесімен Жандос келесі айналымға өткен. Осы жолы жас Алмат Әбдуали реванш қайтара алды.
71 келі
Патрик Хевитт (Англия) - Дархан Дүйсебай (Қазақстан) 1:4
Дархан Дүйсебай финалдық кездесуде нокдаунға түсіп қалса да, еш қобалжымай, сенімді түрде чемпион атанды.
Ерлер сайысында тағы 6 боксшымыз қола жүлдеге ие болды.
