Матч орталығы
Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 1:0 Аяқталды Кувейт Кувейт Нидерланд кубогы Футбол Звалувен Звалувен 0:1 Аяқталды VPV Purmersteijn VPV Purmersteijn Нидерланд кубогы Футбол Беркел Беркел 4:6 Аяқталды Рохда Ральте Рохда Ральте Нидерланд кубогы Футбол JOS Watergraafsmeer JOS Watergraafsmeer 4:4 Пенальтиден соң ТЕК ТЕК Челленджер Буэнос-Айрес 2 Теннис Факундо Мена Факундо Мена 2:0 Аяқталды Гвидо Иван Хусто Гвидо Иван Хусто Еуролига, қыздар Баскетбол Панатинаикос (Қ) Панатинаикос (Қ) 68:91 Аяқталды Эмлак Конут (Қ) Эмлак Конут (Қ) Уругвай кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 3:0 Аяқталды Колон Колон Уругвай кубогы Футбол Бостон Ривер Бостон Ривер 3:2 Аяқталды Феникс Феникс Чэнду мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 12:20 Бүгін Хуберт Хуркач Хуберт Хуркач Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 15:05 Бүгін Уругвай Уругвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Бүгін Эквадор Эквадор Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол БАӘ БАӘ 20:55 Бүгін Йемен Йемен УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Андорра Андорра 21:00 Бүгін Мальта Мальта Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Катар Катар 23:00 Бүгін Бахрейн Бахрейн УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Аустрия Аустрия 23:45 Бүгін Израиль Израиль УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Португалия Португалия 23:45 Бүгін Уэльс Уэльс УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Косово Косово 23:45 Бүгін Ирландия Ирландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 23:45 Бүгін Литва Литва УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Норвегия Норвегия 23:45 Бүгін Дания Дания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сербия Сербия 23:45 Бүгін Грекия Грекия

21.02.2025

Қайрат Сәтжанов: «Странджа» турнирінде боксшыларға нақты міндет қоймаймын

Қайрат Сәтжанов: «Странджа» турнирінде боксшыларға нақты міндет қоймаймын

Cанаулы күннен кейін бокстан ұлттық құраманың көшбасшылары Болгария төрінде «Странджа» турнирінде (24 ақпан – 2 наурыз) бақ сынайды. «Кіші әлем чемпионаты» саналатын бәсекенің алдында ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов сұхбат берді.

Ұлттық құраманың көшбасшылары 2025 жылдың алғашқы ірі жарысына қатысады. Команданың алдына қандай да бір міндет қойыла ма?

-      Иә, ұлттық құраманың негізгі боксшылары үшін «Странджа» турнирі 2025 жылдағы алғашқы жарыс болмақ. Команданың алдында нақты міндет қоймаймын. Әрине, үздік боксшы болған соң, әрқайсысы мықтылығын үнемі дәлелдеуі тиіс. Ең кемі жүлделі үштікте болуы шарт.

«Странджа» турниріне қандай елдер қатысады деп күтілуде? Басты қарсыластарыңыз кімдер болмақ?

-      Дәл қазіргі сәтте жарысқа Болгария, Алжир, Қытай Тайпейі, Хорватия, Ұлыбритания, Уэльс, Франция, Өзбекстан, Грекия, Венгрия, Моңғолия, Косово, Моңғолия, Словакия, Түркия мемлекеттері нақты қатысатынын айтты.

Болгария еліндегі оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтті ме?

-      10 ақпаннан бері Бразилия, Ирландия, Италия, Болгария елдерімен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Боксшыларымыз шеберліктерін шыңдап, физикалық, функционалдық жағынан дайындықтарын пысықтап жатыр. Түске дейін әр ел жеке шұғылданса, түстен кейін жұпта жаттығамыз.

Құрамаға көз жүгіртсек, Сабыржан Аққалықов 75 келіге, Нұрбек Оралбай 86 келіге көтеріледі екен. Бұл боксшылар жаңа салмаққа ауыса ма?

-      Иә, Сабыржан Аққалықов 75 келіге ауысуға шешім қабылдады. Ал Нұрбек Оралбай бірнеше айдан кейін оқу-жаттығу жиынына қосылғандықтан, салмақ қумай-ақ қоюға рұқсат бердік. Тек осы турнирде ғана ол 86 келіде жұдырықтасады. Жалпы алдағы уақытта 80 келіде өнер көрсете бермек. Бұндай шешімді Өзбекстан тарапы да қабылдады. Париж Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Дусматов 54 келіде, Абдумалик Халоков 60 келіде «Странджа» турнирінде айқасады.

Қаңтар айынан бері Испания мен Сербия мемлекетінде 2 жарысқа қатысып үлгердіңіздер. Бұл жарыстардың нәтижесіне қаншалықты көңіліңіз толады? Жастарымыздың дебют жасауын қалай бағалайсыз?

-      Жыл басынан бергі Испания мен Сербияға барған 2-3-4 құрамымызға көңілім толады. Барлығы ойымдағыдай өтіп жатыр. Жарыстан бөлек, олар Англия, Испания, Қытай, Венгрия, Уэльс, Румыния сынды елдермен тәжірибе алмасты. Нұрзат Оңғаров (48 келі), Бағлан Кенжебек (54 келі) және т.б жастарымыз мықты қарсыластарын жеңіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Сербияда да жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары, 2024 жылғы ел чемпионатының жүлдегерлері командалық есепте 1-орынға ие болды. Бұның барлығы көңілді қуантады.


Біздің серіктес: Sport12kz