02.03.2025
Асу Алмабаев: Белбеуді қайтсемде алып келемін
Фото: UFC
Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев Манель Капеден жеңілістен кейін жанкүйерлерге мәлімдеме жасады.
— Барша қолдап жатқан бауырларға көп рахмет. Құласақ та, көтерілсек те бір-бірімізді қолдап жүрейік. Белбеуді қайтсемде алып келемін, Инша Аллах. Шалбар киіп жүрген еркекпіз, ақталмаймын,— деді Асу Алмабаев.
Айта кетейік, бұл Асу Алмабаевтің UFC-дегі алғашқы жеңілісі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи