1 күн бұрын
Тарихи жеңіс, ең аз гол соғылған тур: футболдан ел чемпионаты қалай өтті?
2-3 мамыр күндері Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші тур ойындары өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Қандай жайттар тіркелді?
⁃ 8 ойында 10 гол соғылды.
⁃ 39 сары қағаз көрсетіліп, 3 ойыншы алаңнан қуылды.
- Осы турдың ойындарын стадионнан 35 186 көрермен тамашалады.
- Ең көп 16 786 көрермен «Ордабасы» – «Ақтөбе» ойынына жиналды.
⁃ Ең дөрекі ойын «Ұлытау» - «Елімай» матчында (8 сары қағаз) тіркелді.
⁃ 243 футболшы жасыл алаңда доп тепті. Оның ішінде негізгі құрамда 89 отандық ойыншы және қосалқы құрамнан 51 ойыншы алаңға шықты.
⁃ Негізгі құрамда ең көп отандық футболшыларды шығарған клуб — «Қайсар» (9 футболшы)
⁃ «Қайрат» пен «Ордабасы» клубтары ғана әзірше жеңіліссіз келеді.
- «Елімай» клубының Қазақстан чемпионатындағы 16 ойын бойы жеңіліссіз сериясы тоқтады.
- «Ұлытау» өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионатында «Елімайды» жеңді. Тәуелсіздіктен бері Жезқазғанның бірде-бір командасы семейлік ұжымнан басым түспеген.
- «Каспий» араға 6 жыл салып, «Астананы» жеңіп кетті. Осы аралықта ақтаулықтар 9 матч бойы қарсыласынан 3 ұпай ала алмай келген.
- «Ордабасы» 7 жылдан кейін «Ақтөбеден» айласын асырды.
- «Ақтөбе» клубы ғана осы турда қарсылас қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады.
- «Астана» ұжымы 2 тур қатарынан автогол соғып алды.
Гол соққан мемлекет өкілдері:
Қазақстан – 6
Автогол – 1
Бразилия - 1
Финляндия - 1
Ресей - 1
Нәтижелер:
«Ордабасы» – «Ақтөбе» – 2:0
Жанкүйерлер саны: 16 786
«Қайсар» – «Жетісу» – 1:1
Жанкүйерлер саны: 6 300
«Қызылжар» – «Оқжетпес» – 0:1
Жанкүйерлер саны: 4 000
«Ұлытау» – «Елімай» – 1:0
Жанкүйерлер саны: 3000
«Ertis» – «Қайрат» – 0:1
Жанкүйерлер саны: 2 900
«Жеңіс» – «Тобыл» – 1:0
Жанкүйерлер саны: 1 500
«Атырау» – «Алтай» – 1:0
Жанкүйерлер саны: 400
«Каспий» – «Астана» – 1:0
Жанкүйерлер саны: 300
«Лион» клубының жұлдызына айналған Эндрик келесі маусымда қай клубта ойнайтынын айтты
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан