02.03.2025
Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола алды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Үшінші орын үшін өткен матчта отандастарымыз Өзбекстан құрамасын 13:6 есебімен жеңді.
Бірақ бұл қола жүлде әлем чемпионатына берілетін жолдаманы жеңуге жеткіліксіз болды.
Шілде айында Сингапурда өтетін әлем біріншілігіне сары құрлық додасының финалисттері ғана қатыса алады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи