02.03.2025
28 жылдан кейін оралған «Ұлытау»
Жезқазғандық «Ұлытау» ҚПЛ-2025 бірінші турындағы «Тобылға» қарсы матчқа (0:2) дейін жоғарғы дивизиондағы соңғы кездесуін 1997 жылғы 5 шілдеде өз алаңында қызылордалық «Қайсар-Харрикейнге» қарсы өткізген (0:4).
1997 жылғы маусым Владимир Фомичевтің шәкірттері үшін сәтсіз өтті. 11 матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті. Ал 9 кездесуде жеңіліске ұшырады. Доп айырмашылығы – 4:29. Осы матчтан кейін команда чемпионаттан шығарылады деген шешім қабылданды. Қалған 15 кездесуде «Ұлытауға» техникалық жеңілістер (0:3) берілді. Осылайша, команда ұзақ жылдар бойы Премьер-лигадан тыс қалды.
Айта кетейік, сол құрамда қазіргі «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин де ойнаған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов