02.03.2025
Карло Анчелотти «Реалдың» жеңілісін түсіндірді
Кеше Мадридтің «Реал» Ла Лиганың 26-турында «Бетиске» 1:2 есебімен жол берді. Корольдік клубтың бас бапкері Карло Анчелотти бұл жеңіліске қатысты пікір білдірді.
"Біз ойынды жақсы бастадық. Бірақ белгіленген қарқынды ұстап тұра алмадық, Ойынға бақылауды жоғалтып алдық, ал қарсылас команда бізден жақсырақ көрініп, жеңіске лайық болды.
Маусымның осы кезеңінде жеңілу өте ауыр. Себебі барлық команда титул үшін күресуде, ал біз... Біз ең жақсы матчымызды өткізген жоқпыз.
Командалық ойынның жетіспеуі мәселе ме? Білмеймін. Мен ойыншылардың санасында емеспін. Біз алғашқы 20 минуттағы қарқын мен жақсы ұйымдасуды жоғалттық. Кейін допты жоғалта бастадық... Бірінші таймда 27 рет доптан айырылдық! Бұл тым көп.
Егер біз "Атлетикоға" қарсы да осылай ойнасақ, жеңіске жету мүмкін емес. Бұл анық", – деп мәлімдеді Анчелотти.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов