Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.03.2025

Дастан Сәтпаевтың голы «Қайратты» жеңілістен құтқарып қалды

Дастан Сәтпаевтың голы «Қайратты» жеңілістен құтқарып қалды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы тур ойындарын елордалық «Астана» және алматылық «Қайрат» командалары түйіндеді.

Екі команда биыл бас жүлдеге негізгі үміткер саналады. Сондықтан жанкүйерлер олардан қызықты ойын күткені анық. 

Командалар жаңа маусымға дайындығын жоғары деңгейде өткізді. Негізгі құрам ойыншылар сақтап қалды. Оған қоса қатарына тәжірибелі футболшыларды қосты. 

Алғашқы минуттан командалар тартысты ойын өткізді. Ойынның 40-минутында елордалық клубтан Марин Томасов есеп ашса, оған 69-минутта «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаев бір голмен жауап қайырды. Бұл - 17 жастағы талантты футболшының Премьер-лигадағы алғашқы голы. Алдағы жылдан бастап Англияның «Челси» командасына ауысатын жас жұлдыз осылайша қазақстандық жанкүйерлердің көзайымына айналып үлгерді.

Команадалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Бірінші турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: «Атырау» - «Елімай» 2:1, «Тобыл» «Ұлытауды» 2:0, «Ордабасы» - «Ақтөбе» 0:0, «Қайсар» - «Жеңіс» 0:0, «Қызылжар» - «Жетісу» 1:1, «Тұран» - «Оқжетпес» 2:0.  


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан