02.03.2025
Рамазан Оразов «Силькеборг» командасына жеңіс алып келді
Қазақстандық Рамазан Оразов ойын көрсететін «Силькеборг» командасы футболдан Дания чемпионатының 20-турында «Сённерйюске» командасынан басым түсті.
Кездесу 3:1 есебімен «Силькеборг» клубының басымдығымен аяқталды. Кездесуде есепті 16-минутта «Сённерйюске» сапынан Юнес Бакиз ашқан еді. Одан кейін «Силькеборг» сапынан 35-минутта Тобиас Клюснер таразы басын теңестірді. Ал 67-минутта Каллум Маккоуэтт аталған команданы алға шығарды. Ал 90+3 минутта «Силькеборг» сапында алаңға шыққан Рамазан Оразов 90+7 минутта қорытынды есепті белгіледі. Бұл -қазақстандық жартылай қорғаушының 2025 жылғы алғашқы голы.
«Силькеборг» 32 ұпаймен алтыншы орынға көтерілсе, «Сённерйюске» 16 ұпаймен оныншы орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан