03.04.2025
Баходир Жалолов елордадағы бокс кешіне Бекзат Саттарханов кешенінде дайындалады
Фото: allboxing.ru
Астанада 5 сәуірде өтетін бокс кешіне қатысуға келген екі дүркін Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов кезекті жекпе-жегі алдындағы дайындықты өткізуге Бекзат Саттарханов кешенін таңдады, деп хабарлайды Sport12kz.

Баходир Жалолов 1994 жылы дүниеге келген. Былғары қолғап шебері әуесқой бокста 2020, 2024 жылдары Олимпиада чемпионы атанса, 2019, 2023 жылдарда әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
2018 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. Қазірге дейін өткізген 14 кездесудің барлығында жеңіске жетті.

Бокс кешіндегі басты жекпе-жек қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анауэль Нгамиссенгенің арасында болады. Спорттық шара 5 сәуір күні «Барыс-Аренада» (Астана) өтеді.
Баходир Жалолов бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкиймен қолғап түйістіреді.
Жекпе-жекте WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулер сарапқа салынады. Кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде ұсынады. Сондай-ақ, кешті ESPN+ платформасынан да тамашалауға болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан