05.04.2025
Алуа Балқыбекова: Кәсіпқой боксқа ауысуға дайынмын
Бокстан жақында ғана Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет топ жарған Алуа Балқыбекова Aikyn.kz сайтына берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысуы жайлы пікірін білдірді деп хабарлайды Sport12.kz
"Әзірге кәсіпқой боксқа ауысу нақты жоспарымда жоқ. Дегенмен жақсы әрі сенімді ұсыныстар түсіп жатса кәсіби рингке шығуға дайынмын. Бірақ бұл – үлкен қадам. Себебі кәсіпқой бокстың өзіне тән ерекшеліктері бар, әрі оның кей тұстары қыз-келіншектер үшін оңай дей алмаймын.
Мәселен, кәсіби боксшы әйелдер көбіне баскиімсіз жұдырықтасады, қолғаптары да әдеттегіден әлдеқайда жұқа болады. Бұл – жарақат алу қаупін арттырып, спортшының денсаулығына әсер ететін факторлар. Осы жағдайлар кезінде мені біраз ойландырды, тіпті бастапқыда кәсіпқой боксқа түбегейлі қарсы да болдым.
Қазір мен үшін басты назар – алдағы ірі додалар. Ел намысын қорғайтын маңызды жарыстар тұрғанда, кәсіпқой боксты ойлауға әлі ерте сияқты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан