10.06.2025

Асхат Тағыберген: Қазақстан чемпионатында қазақ балалары көп ойнамайды

Асхат Тағыберген: Қазақстан чемпионатында қазақ балалары көп ойнамайды

Offside.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Солтүстік Македонияға қарсы өткен ойыннан кейін өз эмоциясымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz

"Ұлттық құрамадан кететінімді ешкім білген жоқ. Іштей өзімді дайындап келдім. Ойыннан кейін жаттығу бөлмесінде құрамадағы мансабымды аяқтайтынымды айттым. Жігіттер олай болады деп күтпеді. Тіпті әлі кетуге ерте дейді. Бірақ жігіттің екі сөйлегені - өлгені дейді ғой. Мен шешім қабылдадым. Өз жолымды жастарға беремін. Құраманы жасарту қажет. ЕУРО, Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға тілектеспін. Бірақ футболдағы басты мәселеміз - Қазақстан чемпионатында қазақ балаларының көп ойнамайтындығы. Сол көңілімді қынжылтады. Осыны заң түрінде реттесе деген ниетім бар. Президентіміз де футбол стадиондарын салып, жастарды қолдау керек деп жатыр ғой. Сапалы төсеніштер, мүмкіндіктердің болуы футболды жаңа деңгейге шығарады деген сенімдемін", - деді Асхат Тағыберген.

Айта кетейік, 34 жастағы ойыншы ұлттық құрама сапында 65 матчқа қатысып, 3 мәрте гол соққан. Оның 2023 жылы Данияға салған жеңіс голы Пушкаш премиясына үміткерлер қатарына да кірген болатын.

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

Футбол 2 сағат бұрын

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Футбол 3 сағат бұрын

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Басқа 5 сағат бұрын

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Футбол 5 сағат бұрын

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

Бокс 5 сағат бұрын

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Футбол 5 сағат бұрын

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды