Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

23.06.2025

Өзбекстандық футболшы клубтар арасындағы әлем чемпионатында дебют жасады

Өзбекстандық футболшы клубтар арасындағы әлем чемпионатында дебют жасады

«Манчестер Сити» мен Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатында кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесуде «Манчестер Сити» 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Жеңімпаздар сапынан Илкай Гюндоган дубль авторы атанса, Клаудио Эчеверри, Эрлинг Холанд (пенальтиден), Оскар Бобб пен Райан Черки де бір-бір голдан соқты. Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов ұзақ уақыттан бері алғаш рет ағылшындық клуб сапында алаңға шығып, 61 минут ойнады.

Осылайша, «Манчестер Сити» екі матчта алты ұпай жинап, топтық кезеңге бір тур қалғанда, «Ювентуспен» бірге плей-офф кезеңіне өтті. Туриндік командада да алты ұпай бар.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан