7 сағат бұрын

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Фото: Қазақстан ҰОК

23 маусым - Халықаралық Олимпиада күнінде, Лозанна қаласындағы Олимпиада үйінде Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) президентінің өкілеттігін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

2013 жылдан бері ХОК-ты басқарған Томас Бах өз өкілеттігін ресми түрде Зимбабведен шыққан жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы Кирсти Ковентриге тапсырды. Жаңа президент түн ортасында өз қызметіне ресми кіріседі. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Ковентри ХОК-тың тарихындағы оныншы президент және алғашқы әйел, сондай-ақ бұл лауазымға тағайындалған Африка құрлығының алғашқы өкілі атанды. Ол биыл наурыз айында Грекияның Олимпия қаласында өткен ХОК-тың 144-сессиясында сегіз жыл мерзімге сайланған болатын.

Салтанатты рәсім барысында Томас Бах Олимпиада үйінің кілтін Ковентриге салтанатты түрде табыс етті.


Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

Футбол 4 сағат бұрын

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Футбол 5 сағат бұрын

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Басқа 7 сағат бұрын

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Футбол 7 сағат бұрын

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

Бокс 7 сағат бұрын

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Футбол 7 сағат бұрын

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды