Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

23.06.2025

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Фото: Қазақстан ҰОК

23 маусым - Халықаралық Олимпиада күнінде, Лозанна қаласындағы Олимпиада үйінде Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) президентінің өкілеттігін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

2013 жылдан бері ХОК-ты басқарған Томас Бах өз өкілеттігін ресми түрде Зимбабведен шыққан жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы Кирсти Ковентриге тапсырды. Жаңа президент түн ортасында өз қызметіне ресми кіріседі. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Ковентри ХОК-тың тарихындағы оныншы президент және алғашқы әйел, сондай-ақ бұл лауазымға тағайындалған Африка құрлығының алғашқы өкілі атанды. Ол биыл наурыз айында Грекияның Олимпия қаласында өткен ХОК-тың 144-сессиясында сегіз жыл мерзімге сайланған болатын.

Салтанатты рәсім барысында Томас Бах Олимпиада үйінің кілтін Ковентриге салтанатты түрде табыс етті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан