5 сағат бұрын
«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Коллаж: «Тұран» футбол клубы
«Тұран» футбол клубының құрамынан беларусьтік төрт ойыншы кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Екі жақтың келісімі бойынша беларусьтік ойыншылар – Руслан Юденков, Игорь Стасевич, Василий Совпель және Егор Хаткевич командадан кетті, - деп жазылған хабарламада.
Бұл ойыншылар биыл «Тұран» сапына қосылған еді. Қаржы мәселесінің туындауына байланысты олар түркістандық клуб сапынан кету жөнінде шешім қабылдады.
Сондай-ақ команда сапынан черногориялық Йован Пайович пен Горан Милойко «Тұран» сапынан кетті.
