15.07.2025
Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Испания сегундасында доп тебеді
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов ресми түрде Испанияның «АД Сеута» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. Алайда келісімнің нақты шарттары әзірге жарияланған жоқ.
21 жастағы Анкудинов өткен маусымды Испанияның бесінші дивизионындағы «Менсахеро» клубында өткізді. Ол бұл команда сапында 16 гол соғып, 3 нәтижелі пас беріп, жоғары лига клубтарының назарын өзіне аударды.
Данил Анкудинов бұған дейін Молдованың «Шериф», Арменияның «Ван», Литваның «Джюгас» және Беларусьтің «Днепр-Могилев» клубтарында да өнер көрсеткен.
Қазақтан шыққан талантты шабуылшы енді испандық футболдың жоғары деңгейінде өзін көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов