17.07.2025
«Барселонаның» негізгі құрамынан шеттетілген Тер Штегенге «Манчестер Ситиден» ұсыныс түсті
AS басылымының хабарлауынша, «Барселонаның» 33 жастағы қақпашысы Марк-Андре тер Штегенге «Манчестер Сити» қызығушылық танытуда. Ағылшын клубы тәжірибелі қақпашыны Эдерсонға балама ретінде қарастыруда.
Бұған дейін «Барселонаның» жаңа бас бапкері Ханс-Дитер Флик Тер Штеген енді негізгі құрамда ойнамайтынын мәлімдеген болатын. Бұл жағдай қақпашының клубпен 3 жылға жарамды келісімшартына қарамастан, командадан кетуіне себеп болуы мүмкін.
Тер Штеген «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол 422 матчқа қатысып, соның 175-інде қақпасын голдан аман сақтаған. Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 12 миллион еуро деп бағалап отыр.
Біздің серіктес: Sport12kz