21.07.2025
«Қайрат» жеңілген жағдайда Еуропа лигасында кіммен ойнайды?
УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Егер Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финдік «КуПС» клубынан жеңіліп қалса, олар Еуропа лигасының келесі сатысында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Бұл жағдайда «Қайрат» Латвияның «РФШ» немесе Швецияның «Мальмё» командалары арасындағы кездесуде жеңілген ұжыммен ойнайды.
Аталған ойындар 7 және 14 тамыз күндері өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов