05.08.2025
Лука Модрич «Милан» жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне бөленді
39 жастағы хорват футболшысы Лука Модрич жаңа командасы — «Миланға» келген сәттен бастап жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болды, деп жазады Sport12.kz.
Әйгілі жартылай қорғаушы жанкүйерлерге бірнеше жейде сыйлап, қолтаңба таратып үлгерді. Оның бұл әрекеті «Сан-Сиро» маңына жиналған көпшіліктің көңілінен шықты.
Модрич клубпен «1+1» үлгісіндегі келісімшартқа қол қойды. Ол жаңа ұжымында бұрын «Тоттенхэмде» киген 14-нөмірлі жейдені таңдап алды.
Айта кетейік, Лука Модрич соңғы 13 жыл бойы мадридтік «Реалдың» негізгі ойыншысы болды. 2018 жылы ол футбол әлемінің ең беделді марапаттарының бірі — «Алтын доптың» иегері атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан