20.08.2025
«Қайрат» клубы «Селтикке» қарсы ойнайтын негізгі құрамды атады
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчқа екі команданың бастапқы құрамдары жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Селтик» (Шотландия): Шмейхель, Джонстон, Скейлз, Нюгрен, Айда, Картер-Викерс, Маэда, Хататэ, Макгрегор, Форрест, Тирни.
«Қайрат» (Қазақстан): Заруцкий, Глэйзер, Мартынович, Сорокин, Мрынский, Арад, Громыко, Тапалов, Эдмилсон, Жоржиньо, Сәтпаев.
Алғашқы ойын 20-21 тамыз түні Глазгода (Шотландия) өтеді. Кездесу астана уақытымен 00:00-де басталады.
Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда Еуропа лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» словениялық «Олимпияны», финляндиялық КуПС-ті және словакиялық «Слованды» жарыстан шығарған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов