26.08.2025
«Астана» клубының ойыншылары өз құрамаларына шақырту алды
«Астананың» бірден төрт ойыншысы - Иван Башич, Дритон Цамай, Кипрас Кажуколовас және Макс Эбонг қыркүйек айындағы матчтарына шақырту алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Иван Башич Босния және Герцеговина құрамасына қосылып, 6 қыркүйекте сырт алаңда Сан-Мариноға, ал 9 қыркүйекте өз алаңында Австрияға қарсы ойнайды
Дритон Цамай Черногорияға көмектеседі: 5 қыркүйекте үйде Чехиямен, 8 қыркүйекте қонақта Хорватиямен кездеседі.
Кипрас Кажуколовас Литва сапында 4 қыркүйекте өз алаңында Мальтамен, 7 қыркүйекте өз алаңында Нидерландымен ойнайды.
Макс Эбонг Беларусь құрамасына аттанып, 5 қыркүйекте сырт алаңда Грекиямен, 8 қыркүйекте өз алаңында Шотландиямен күш сынасады.
Барлық бұл ойындар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов