27.08.2025
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребесі қашан өтетіні белгілі болды
Қайрат
2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған жеребе 28 тамыз күні Астана уақытымен сағат 21:00-де өтеді. УЕФА жеребе күні таңертең барлық себеттердің құрамы мен рәсім тәртібін жариялайды.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Плей-оффта олар Алматыда өткен матчта «Селтикті» пенальти сериясында тізе бүктірді.
Бұл кезеңге әлемдік футболдың үздік клубтары қатысады. Ең қызығы, жеребе нәтижесінде мына грандтардың екеуі міндетті түрде бір топқа түседі:
- «Реал Мадрид»
- «Барселона»
- «Бавария»
- «Манчестер Сити»
- «Ливерпуль»
- «Челси»
- «Боруссия Дортмунд»
- «ПСЖ»
Біздің серіктес: Sport12kz