29.08.2025

«Оқжетпес» шабуылшысы «Қайратқа» қарсы ойынға қатыспайды

«Оқжетпес» шабуылшысы «Қайратқа» қарсы ойынға қатыспайды

Алияр

Көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Алия́р Мұхаммед Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында алматылық «Қайратқа» қарсы алаңға шықпайды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

24 жастағы футболшы өткен турдағы «Ақтөбеге» қарсы ойында (1:2) сары қағаз алып, бұл маусымдағы төртінші ескертуін жинап қойды. Ережеге сәйкес, енді ол алдағы кездесуді өткізіп алуға мәжбүр.

Ағымдағы чемпионатта Мұхаммед 19 матчқа қатысып, 2 гол соғып және 3 нәтижелі пас берген.



Біздің серіктес: Sport12kz